Мектеп асханалары мейрамхана дәрежесіне теңестірілмейтін болды. Ұзақ талқылаудан кейін Ұлттық экономика министрілігі оқу орындарындағы асхананаларды жалға беру ақысын төмендетуді ұйғарып отыр. Бұл туралы "Қамшы" ақпараттық порталы "Нұр.кз" сайытына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Тағы бір өзгеріс – биылдан бастап мектептегі тегін тамақ беру жүйесінің тоқтатылғаны мәлім.
Бірінші, екінші тамақ және бір стақан компот, не сүт – бұл бұған дейін ел мектептеріндегі асханада берілген ас мәзірі болатын. Ең бастысы – тегін.
Бірақ жаңа оқу жылынан бастап, енді ондай жомарттыққа жол жоқ. Егер бала мектепте тамақтанғысы келсе, оның ақысын ата-анасы төлеуі тиіс. Оған бюджеттен ақша бөлінбейді.
“Өткен жылы бір оқушының тамағы үшін күніне 153 теңге бөлінетін. Биыл енді ондай жүйе алынды. Бұл мүлдем тамақ болмайды деген сөз емес. Бірақ асханалар енді ақылы жұмыс істейді. Дегенмен, біршама жеңілдіктер де қалдырылған”, – дейді Ақтөбе облыстық Білім басқармасының бөлім басшысы Шамшырақ Сайғалиева.
Маманның меңзеп тұрғаны – бұл тұрмысы нашар және көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға қатысты жеңілдік. Яғни, тегін тамақтану құқығына биыл тек солар ғана ие болмақ.
Бұған бюджеттен бір оқушының бір реттік асы үшін күніне 100 теңгеден 300 теңге аралағында қаражат бөлінбек. Ал ақылы астың құны әзірге бекітілген жоқ. Қазақ тағамтану академиясы тегін астың мәзірін ғана жасап отыр..
“Күнделікті тағамның 35 пайыз құндылығын қамтамасыз ететіндей қылдық. Бұл – 1-4 сынып оқушыларына 600 ккалория, 5-8 сынып балаларына 730 ккалория, 810 ккалория 8-11 сынып балаларына. Бұл қайталап айтамын, күн көрісі төмен балаларға арналған”, – дейді Қазақ тағамтану академиясының бөлім жетекшісі Сәтбек Мұсабеков.
Дегенмен, биылғы оқу жылында болатын тағы бір өзгеріс – асхана ақысына қатысты. Бұдан былай білім ордасындағы тамақтану орынын жалға беру құны кешеннің шаршы метріне қарай бағаланбақ. Қайта бұл жеңілдетілген түрі екен.
Әйтпесе, Ұлттық экономика министрлігі наурыз айында мемлекеттік мекемелерге тиесілі асханалардың жалдау құнын көтеруге пәрмен берген еді. Бірақ ұзақ талқылаудан кейін шешім өзгертіліп отыр. Онда да тек мектептерге ғана қатысты.
Сөйтіп, асхана тағамының бағасы оның жалдау ақысына байланысты өсейін деп тұр. Мәселен, бұрын бір бәліш 80 теңгеден сатылған, енді оның құны 200 теңгеге жетуі мүмкін. Бұл, әрине, ең бірінші ата-ана қалтасына ауыр соққы.