Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға сенат енгізген түзетулер келісілгені хабарланды.
Мәжіліс отырысында хабарланғандай, жаңа заңда мемлекеттік қызметшілерге кез келген құнды сыйлықтарды сыйға тартуға тыйым салынады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайтын тұлғалардың отбасы мүшелерінің материалдық сыйақыны, сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауына тыйым салу енгізіледі.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросын Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі етіп қайта құруға байланысты түзетулер көзделеді.
Пікір қалдыру