Америкада наразылық акциясы кезінде екі полицейді атып кетті

/image/2020/09/24/crop-9_6_351x642_reĭĭĭĭ.jpg

АҚШ-тың Луисвилл қаласында мыңдаған адам қатысқан наразылық акциясы кезінде екі офицерді атып кетті.

Наразылық акциясына 13 наурызда АҚШ полициясы 26 жастағы Тейлордың үйіне басып кіріп, бірнеше рет оқ атқаны себеп болған.

Дегенмен полиция офицеріне адам өлтіргені үшін емес, тек зардап шегушінің көршісінің пәтеріне оқ атқаны үшін "қасақана қауіп төндірді" деген айып тағылған. Тағы екі офицерге айып тағылмаған.

Ал Луисвилл полициясының бастығы Роберт Шредер наразылық кезінде оққа ұшқан офицерлердің жағдайы өмірге қауіп төндірмейтінін хабарлаған. Ол күдіктінің қамауда отырғанын айтты.

Луисвиллде төтенше жағдай жарияланып, Ұлттық гвардия да орналастырылған.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар