Алматы қаласының баспасөз қызметінің тізгіні Артур Нигметовке табысталды

/uploads/thumbnail/20170708192918390_small.jpg

Алматы қаласы әкімінің баспасөз-қызметінің басшысы болып Артур Нигметов тағайындалды. Бұл туралы «Қамшы» порталы www.matritca.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жаңа әкімнің жаңа баспасөз-қызметі басшысы туралы ақпаратты Қазақстан блогерлер альянсының президенті Ғалым Байтук өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлаған.

«Достар сенімді ақпарат көздерінен мәлім болғандай, біздің досымыз, Қазақстан блогерлер альянсының негізін қалаушылардың бірі,  қоғамдық қайраткер – Артур Сағидоллаұлы Нигметов Алматы қаласы әкімінңң баспасөз қызметінің басшысы  болып тағайындалды. Кез келген әкімшілік үш тілде еркін сөйлей алатын баспасөз қызметішімен мақтана алмайды», - деп жазады Ғ.Байтук мырза.

Матрица сайтының жазуынша, бұл ақпаратты Артур Нигметовтың өзі де телефон арқылы растаған. 

Артур Нигметов БҚО Мемлекеттік университетінің тарих факультетін 2007 жылы тәмамдаған. Мәскеудегі саяси зерттеулер мектебінің түлегі (2008ж). Шведтік SIPU International  институтында мемлекеттік және муниципалдық басқару ісі бойынша тәжірбие жинақтаған.


Нұрзат Тоғжан

Қатысты Мақалалар