Әйел зорлаған 4 жігіт әлі бостандықта жүр

/uploads/thumbnail/20170708192919007_small.jpg

ОҚО-да алкогольді ішімдікке сылқия тойып алған кісілер әйел адамды қызының көзінше зорлап өлтірген.  Бұл туралы «Қамшы» порталы  Otyrar.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды. Жантүршігерлік жағдай 2014 жылдың мамырында болған.

ОҚО-ның Мақтаарал ауданында қатты масайған 4 жігіт әйелдің үйіне баса көктеп кіреді.  Әйелдің күйеуі бұл кезде өзге қалаға ақша табуға кеткен. Осы жағдайды пайдаланған ер кісілер оны күштеп аулаға шығарады. Сол жерде тепкінің астына алып, зорлап, кейін киім ілетін жіппен буындырып өлтіреді.

Қылмыстың ізін жасыру үшін ер кісілер әйелдің денесін ауласындағы душ кабинасына өзіне қол салғандай етіп көрсетіп, іліп кетеді.

Қылмыс жасаған төрт азаматтың үшеуі сот алдында жауапқа тартылып, 17 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Іс бойынша көптеген куәгерлерден түсініктеме алынды. Алайда басты куәгер зардап шегушінің 9 жастағы қызы болды. Қылмыс уақытында қыз бала өзінің 4 жасар інісімен үйде болған. Жеткіншек терезеден анасын қалай өлтіріп жатқанын көріп тұрған. Ол қылмыскерлерді танып, анықтауға көмек көрсетті. Белгілі болғандай ер кісілер әйелдің көршілері болған. Үшеуі де кінәлі деп танылды. Алайда тағайындалған жаза әзірге заңды күшіне енбеді», – дейді Шымкент қаласы қылмыстық сотының төрешісі Дәурен Мадалиев.

30 жастағы айыпталушылар өз кінәсін мойындамады.

Тергеу болжамы бойынша, қылмысқа сотталғандардан өзге тағы бір азамат қатысқан. Оған қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Нұрзат Тоғжан

 

Қатысты Мақалалар