Дағдарыс жұлдыздарға әсер ете ме? (Фото)

/uploads/thumbnail/20170708192919492_small.jpg

Дағдарыс кезінде қазақстандықтар ақшасын қалай үнемдей алады? Мұрат Әбенов халықты үнемдеуді үйренуге шақырды.

Жұлдыздардың теңгенің құнсыздануына байланысты  өзінің ғаламтордағы   парақшаларында жеткізген пікірлерін назарларыңызға ұсынамыз.

Қарақат Әбілдина

Танымал әнші Қарақат Әбілдина жұлдыздар арасында алғашқылардың бірі болып девальвацияға қатысты өз пікірін жеткізді.

“Доллар өссе де, түссе де әр пенде маңдайына жазылған несібін алады екен… Пешенеге жазылған несібе курспен өлшенбейтін болар… Бәрімізге сабыр берсен Аллам..!”, – деп өз Instagram парақшасында жазба қалдырған әншінің девальвация уақытында қуанышты хабары да бар екен.

Қарақат Әбілдина 16 жыл бұрын дәл осы күні Қыдырәлі Болмановпен некесін қиған екен. Сондықтан әншілеріміз бүгінде еліміздегі қаржылық қиындықтарға көңілдерін түсірмей, атаулы күндерін тойлатуда.

Айқын Төлепберген

Ал тағы бір танымал әншіміз Айқын болса, дағдарысқа қарамастан, досының туған күнін көңілді өткізетінін жеткізген.

“Доллар-доллармен, дағдарыс-дағдарыспен, ал туған күн өз кестесімен өтеді”, – деген жазбасын Айқын досына арнап жария еткен.

Сәкен Майғазиев

Халық сүйіспеншілігіне бөленген “МузАРТ” тобының орындаушысы Сәкен Майғазиев те дағдарыс мәселесін назардан тыс қалдырмапты.

“Сәрсенбі “сәттіліктерімен” басталып қойыпты ғой”, – деп қалжыңдаған әншіміз доллар құны өскені жайлы БАҚ-та жарияланған ақпаратпен жазбасында бөлісіп үлгерген.

Отандық жұлдыздар теңгенің төмендеуіне байланысты осылай өз көзқарастарын білдірді. Теңгенің құнсыздануы халықтың қалтасына салмақ салатындықтан, девальвацияның да халықтың қаражатымен нан тауып жүрген  шоу бизнес өкілдеріне де өз зардабын тигізетіні анық. Тойбизнестің тамыры тартылса, әншілерге қиын күн туатыны сөзсіз.

Қатысты Мақалалар