Ел басына күн туғанда ақсақалдар ақыл арқылы халыққа тоқтау айтушы еді. Ал біздің елдің бас ақсақалы халқын жұбатудың орынына сұс көрсеткені несі? Төркініме кетем деп күйеуін қорқытқан әйелдерше тәуелсіздіктен айырламыз деп елді қорқытудың керегі не? Егер шынымен-ақ, тәуелсіздікті қорғауға шамасы келмесе, шамасы келетіндерге неге тізгін ұстатпайды? Наразылық білдірсеңдер жазалаймыз деп халықты қорқытады. Оданша халықтың наразылығын тудырғандарды жазаламай ма?
Тұрдыбек Құрметхан, Facebook парақшасынан