Қазақ халқы мен тілін қорлаған Қостанай облысы Рудный қаласының тұрғыны Кирилл Александрович Божкоға қатысты 22 қыркүйек күні әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 667-бабы 1-бөлігі (полиция қызметкерінің талабына бағынбау) бойынша сот үкімі шықты.
"Жақында шыққан жазбаларға байланысты төмендегіні хабарлаймыз.
2020 жылғы 22 қыркүйекте сотқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 667-бабы 1-бөлігі полиция қызметкерінің талабына бағынбау бойынша қала тұрғыны К. Божкоға қатысты іс келіп түсті.
Бұл бап бойынша ескерту немесе айыппұл түрінде 20 АЕК немесе 5 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған.
Сот құқық бұзушылықты дәлелденген деп таныды.
Ауырлататын жағдай алкогольдік масаңдық жағдайын анықтады.
Божконың бұрын бірнеше рет жауапқа тартылғанын ескере отырып, Сот ең қатаң жазаны – 5 тәулікке қамауға алу туралы жаза тағайындады.
Заң бойынша соттың адамды заңның неғұрлым өзге қатал бабы бойынша жауапқа тартуға құқығы жоқ.
Бұл мәселелер құқық қорғау органдарының құзыретіне жатады" делінген Рудный қаласы әкімшілік сотының ресми парақшасында.
Төменде Кирилл Божкоға қатысты сот үкімінің көрсетілген.
Қазақ халқынан кешірім сұрап, өзінің мас күйде болғанын алға тартқан Божко Кириллдің тағы бір видеосы желіде жарияланды.
Пікір қалдыру