Қостанай облысының әкімі өзінің жалақы мөлшерін жариялады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов "Қостанай – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі алаңында "Antikor Live" жобасы аясында "Ашықтық, үйлесімсіздік және әкімдіктердің қолжетімділігі" тақырыбында сөз сөйледі.
Аймақ басшысы Instagram парақшасында аталған шарадағы сөзімен бөлісті. Сөз соңында өзінің айлық жалақысын мәлімдеді. Ол 766 мың теңгені құрайды.
Пікір қалдыру