Олжас Құдайбергенов жаңа қызметке тағайындалды

/image/2020/09/25/crop-11_155_680x1208_5e33d4b83eb54.jpg
Белгілі экономист Олжас Құдайбергенов Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Басқарушы кеңестің төрағасы болып сайланды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
 
Басқарушы кеңестің отырысында мемлекеттік басқарудың жағдайы мен болашағы талқыланып, ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов кеңестің негізгі міндеттерін түсіндірді. Кеңес міндеттеріне министрліктің қызметін бағалау және жетілдіру бойынша ұсынымдық шешімдер әзірлеу кіреді.

Кеңес төрағасы болып экономист, президент жанындағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың мониторингін талдау орталығының мүшесі Олжас Құдайбергенов сайланды.

"Күн тәртібі бойынша Ұлттық экономика вице-министрі Айгүл Шайымова сөз сөйледі. Оның айтуынша, сапа мен тиімділікті арттыру үшін мемлекеттік аппаратты басқарудың құзыреттілік тәсіліне көшіру жоспарлануда. Бұл ұйымдық құрылымға икемділік береді және мемлекеттің экономикалық күн тәртібінің трендтерін ескере отырып, мемлекеттік органдар құрылымында "жұмсақ" департаменттер құруға мүмкіндік береді.

Отырысқа қатысушылар қойылған міндеттерді нәтижелі шешу үшін мемлекеттік органдардың кадрлық әлеуетін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар жасады" делінген министрлік таратқан ақпараттық хабарламада.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар