Солтүстік Қазақстан облысының кезекші сыныптарында 12 бала коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Бұл ақпаратты денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.
– Солтүстік Қазақстан облысының мектептерінде 12 адам коронавирус жұқтырған. Вирус 8 мектеп пен бір балабақшадан анықталды, – деді Қожахметов.
Оның айтуынша, оқу орындарында эпидемияға қарсы барлық шаралар жүргізіліп жатыр. Байланыста болған адамдар 14 күнге үй карантиніне алынған.
Пікір қалдыру