Баймағанбетовты жалаңаш күйде еден жууға мәжбүрлепті

/uploads/thumbnail/20170708192944708_small.jpg

Серік Баймағамбетов колонияда.

Қазақстанның Ішкі істер экс-министрі және Республиканың кедендік бақылау комитетінің экс-басшысы Серік Баймағамбетов колонияда жалаңаш күйде еден жууға мәжбүр болған. Бұл туралы "Қамшы" ақпараттық порталы  tengrinews.kz-ке  сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

Шахтинск сотында Баймағамбетов ісіне байланысты АК 159/6 түзету колониясының 25 жастағы жедел уәкілінің ісі қаралып жатыр.

 Жедел бөлімнің жас қызметкеріне бұрынғы ІІМ басшысы Баймағамбетовты  азаптады деген айып тағылып  отыр.

"Сотталушы Серік Баймағамбетовты жалаңаш күйде түзету мекемесінің ғимаратында еден жуғызған. Сотталушыны айыпты деп танып, ҚК 141-бабының 1-бөлігі бойынша ("Азаптау") жалпы режимдегі түзету колониясына үш жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын", - деді сот тыңдауында мемлекеттік айыптаушы Талған Әлекбаев.

2013 жылдың қарашасында және 2014 жылдың сәуір айында ол жедел уәкілдің (оның аты-жөні көрсетілмейді) вип-арестантты екі рет қорлағанын қосып айтты.

Еске сала кетейік, Серік Баймағамбетовке 2013 жылдың қаңтар айында 80 мың доллар көлемінде пара алды және қызметтік өкілдігін теріс пайдаланды деген айып тағылған болатын. Сот жоғары лауазымды шенеунікті 10 жылға бас бостандығынан айырып, Қарағанды облысындағы колонияға жіберген. 2014 жылдың жазында Баймағамбетовты біреулердің ұрып-соққаны жайлы мәлімет таралды. Ал 2015 жылдың ақпанында Баймағамбетов мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.

 

Қатысты Мақалалар