Алматы облысының Қарғалы ауылында қуаттағышқа қосылып тұрған телефонын пайдаланған 15 жастағы қызды тоқ соғып, қайтыс болды.
Қайғылы оқиға 26 қыркүйекте сағат 22.00 шамасында Жамбыл облысында болды.
– Электр тоғының әсерінен 15 жастағы кәмелетке толмаған жергілікті тұрғын қайтыс болды, – деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалған.
Пікір қалдыру