Армения 18-55 жас аралығындағы ер адамдардың елден шығуын шектеді

/image/2020/09/29/crop-43_8_524x931_22866140.jpg

Армения Таулы Карабахтағы қақтығысқа байланысты 18 бен 55 жас аралығындағы ер адамдардың елден шығуына шектеу қойды. Елден шыққысы келетіндер әскери комиссариаттан рұхсат алуға тиіс, деп хабарлады Sputnik Армения.

Ереван елде әскери жағдай енгізіп, жаппай мобилизация жариялаған. Ел билігі 55 жасқа дейінгі запастағы офицерлерді, прапорщиктер мен қатардағы жауынгерлерді әскерге шақырды.

Өз кезегінде Әзербайжанда да әскери жағдай енгізіліп, Әзербайжан ұлттық жиыны шақырылды. Қала мен аймақтардағы әскери бөлімдерде комендаттық сағат енгізілді. Сондай-ақ елде ішінара мобилизация жарияланды.

Таулы Қарабақ аймағындағы қақтығыс 27 қыркүйекте басталған. Тараптар қақтығыстың тууына бірін-бірі кінәлайды.

Әзербайжан алғашқы күндегі қақтығыс кезінде Арменияның 550 солдаты қаза болғанын хабарлағанымен, Армения мұны жоққа шығарды.

28 қыркүйекте тәуелсіздігі мойындалмаған Таулы Карабах Республикалысының қорғаныс министрлігі елде қарулы қақтығыстар салдарынан 53 әскеридің өлгенін хабарлады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар