дәрігер Тілеуберді Қуандықов «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын алды

/image/2020/09/29/crop-58_15_774x1033_scale_1200-h29eij2_nynk7ipp7ndwgo_f4oo0rlrz.jpg

24 жылдық тәжірибесі бар дәрігер Тілеуберді Қуандықов «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын алды.

Алматыда Қала күні қарсаңында мегаполистің дамуына елеулі үлес қосқан он азаматқа «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. Құрмет марапатының иегерлері арасында түрлі мамандық өкілдері, соның ішінде денсаулық сақтау саласының қызметкерлері бар.

Қала тұрғыны ретінде жасаған қызметі үшін А. Н. Сызғанов атындағы ҰҒХО-ның анестезиология және реаниматология бөлімінің меңгерушісі, Алматы қаласы ҚДСБ-ның штаттан тыс бас анестезиолог-реанимато-логы, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер Тілеуберді Қуандықов «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағын алды.

Қуандықов Тілеуберді 24 жылдан астам медицина саласында жұмыс істеп келеді. Ол 75-тен астам ғылыми еңбектер жазды. Әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарының бірі Джонс Хопкинс университетінде (АҚШ) білім алған. Ол ағзаларды транспланттау отасында анестезияның әлемдік ең жаңа технологиясын алғашқылардың бірі болып қолдандф. қолданды. Бауырға ота жасау кезінде көктамыр ішіне анестезия жасау әдісі бойынша патент алды.

Қ. Тілеуберді қаланың клиникаларында да, Республиканың басқа өңірлерінде де ауыр науқастарға көмек көрсетеді және кеңес береді. Covid-19 пандемиясы кезінде құрылған анестезиология және реаниматология Орталығының басшысы болып жұмыс істейді. Осы Орталықтың тәулік бойғы жұмысының нәтижесінде қалада коронавирус инфекциясымен ауырған науқастардың өлімі қысқа мерзімде бірнеше есеге азайды.

Қуандықов Тілеуберді қоғамдық қызметпен белсенді айналысады. Ол Еуропа анестезиологтар қоғамының РБҚ «Анестезиологтар мен реаниматологтар Федерациясы» басқармасының және ҰҒХО-ның Ғылыми кеңесінің мүшесі. Ол сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің тәуелсіз сарапшысы.

Көптеген марапаттың иегері, соның ішінде «Құрмет» ордені, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісі, Қазақстандағы «Жыл адамы» белгісі, «Алтын адам» сыйлығы. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық байқауында жеңіске жеткен.

Т.Қуандықовты білетін әріптестері мен басқа да адамдар оны қаланың денсаулық сақтау жүйесіне, оның ішінде елдің және әлемнің жалпы медицинасына қосқан үлесіне жоғары баға берді.

«Алматы қаласының анестезиологтары мен реаниматологтарының ішіндегі мықтысы. Мен Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасын 3 жыл басқардым және біз онымен барлық күрделі жағдайлар, жекелей алғанда, аналар өлімі бойынша комиссияда бірге қызмет етті. Мен денсаулық сақтау жүйесінде 40 жыл істедім, одан мықты кәсіби маманды көрген емеспін.Осындай кәсіби маманды құрметті азаматтар тізімінен көргенде қатты қуандым. Ол соған лайық азамат», — деп атап өтті Қоғамдық кеңестің мүшесі Жаннат Қасымжанова.

Сонымен бірге, ол Т. Қуандықовтың органдарды ауыстыру бойынша бірінші топтың жұмысына тікелей қатысқанын атап өтті.

Коронавирус пандемиясы кезінде Т. Қуандықов алдыңғы қатарда қызмет етіп келеді.

«Науқастарды емдеуге белсенді қатысты. COVID-19 өршіген кезде жансақтау бөлімінде жатқан барлық жағдайы ауыр науқастарға кеңес берді. Ешқашан қандай жағдай болмасын қандай да бір себеппен ауыр жағдайдағы науқастарға кеңес беруден бас тартпаған адам. Ол республикамыздың анестезиолог және реаниматологтар арасында үздік мамандардың бірі.Әкімдіктің осындай құрметке лайық азаматты тапқаны қуантады. Алматының құрметті азаматы ретінде ол мыңдаған адамның өмірін құтқарды. Ол Алматы қаласының одан арғы дамуына да үлкен үлес қосады», — деп атап өтті ол.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар