«Мен жоғарғы ғылыми және шығармашылық еңбекті Қазақстанда алдым»

/image/2020/09/29/crop-168_28_1316x1755_105633015800.jpg

Алматыда бүгін қала күні атап өтілеуде. Биыл мерекеге орай мегаполистің дамуына қосқан үлесі үшін көрнекті қала тұрғындарына «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Марапатталғандардың арасында-сәулет докторы, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының профессоры, Қазақ КСР еңбек сіңірген сәулетшісі, Қазақстанның халықаралық Сәулет академиясының академигі, «KAZGOR» Жобалау академиясының академигі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі Спиридон Космериди бар.

«Қазақстанда 78 жыл тұрамын, қазір 91 жастамын. Оның ішінде жобалау институтында 40 жыл және академияда 30 жыл жұмыс істеді. Менің Отаныма деген асқан құрметімді толық айтып жеткізетін сөз жоқ. Менің тарихи Отаным – Греция. Мен Қазақстанда алуға болатын барлық нәрсені алдым. Мен Жоғары ғылыми, шығармашылық еңбектің бәрін Қазақстанда алдым. Басқа тағы қай елде тұрып, жұмыс істесем осы жетістіктерге жете алатынымды білмеймін. Мен бірінші марапатты 1946 жылы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін алдым. Одан әрі қарай осы марапаттарды алдым. Алматыда 50-ден астам нысанды жобалап, салдым. Сіздерге және барша қазақ халқына бәрімізге, соның ішінде маған да осындай зор көңіл бөлгендері үшін алғысымды тағы да білдіргім келеді. Сіздерге көп рақмет, баршаңызды осы жоғары марапатпен құттықтаймын», — деді С. Космериди.

Айта кету керек, Спиридон Космериди Қазақстан Республикасында 340-тан астам салынған нысан жобалардың авторы. Олардың ішінде ең танымалдары — «Әсем» Тұрмыс үйі, Қарағандыдағы Тұрмыс үйі, БЛКЖО ОК ғимараты (Төле би – Чайковский), Горький саябағындағы 3500 орынға арналған жазғы театр және тағы да басқалары бар.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар