Көпшілікке "Жаужүрек мың бала" фильмі арқылы танылған актриса, Нью-Йорк киноакадемиясының Лос-Анджелестегі филиалының түлегі Әлия Әнуарбектің күйеуі қайтыс болды. Бұл туралы әртістің құрбысы, дизайнер Гүлжан Аркен instagram парақшасында жазды.
Гүлжан Аркеннің жазбасына қарағанда әртістің жары Азамат ауыр сырқаттан 17 қыркүйекте көз жұмған.
Дизайнер марқұм туралы естелігімен бөлісіп, оның қамқор ұл, аға, жар және әке болғанын атап өтті.
"Біз саған қалай да көмектесе алғанымызда ғой... Алайда сен бізге салмақ салғың келмеді. Нағыз ер азамат ретінде ақырына дейін арпалыстың әрі ауруды жеңетініңе сендің. Сені жоғалтып алғанымызды сезіну қандай ауыр еді. Бірақ жаратқанның өз жоспары бар екен. Азамат, сен біздің жүрегімізде мәңгі жас, көңілді, талантты қалпыңда қаласың" делінген Гүлжан Аркеннің жазбасында.
Азамат пен Әлия 2014 жылы отау құрып, 2016 жылы қызды болған.
Пікір қалдыру