Тәуелсіз журналист Тоқаев пен Маминді "кабинетный" менеджерге теңеді

/image/2020/10/01/crop-3_41_842x1497_mycollages-6.jpg

"Президент пен Премьер егіз секілді". Тәуелсіз журналист Дина Елгезек өзінің инстаграм парақшасында осылай деп жазба жариялады. 

– Қос жігіттің болмыс-бітімі, мінез-құлық, жүріс-тұрыстары бір-бірінен аумайды. Тіпті энергиялары да ұқсас. Екеуі де орыс тақылеттес. Екеуінің қазақшасы да бірдей. Екеуінде де эмоция жоқ. Қадамдарын нық басып, нық сөйлеп тұрғандарын көрмейсің. Не жарқыраған жанар жоқ. Не шалт қимыл жоқ. Тым баяу. Елді аһ ұрғызатын не тың идея ұсынбайды. Инерцияның иірімінде күнелтіп, күн өткізген біреулер әйтеуір. Шынайы лидерлер жасындай жарқ ете қалар еді. Ал бұл тұлғалар мына жүйенің дәуірін жалғастырушы екені көрініп тұр, – делінген жазбада

Басты суретке Қасым-Жомарт Тоқаев пен Асқар Маминнің суретін қойған жазба авторы, екеуін  астанадан шықпайтын "кабинетный" менеджерлерге теңеген. Егер елді аралап, тіршілігін көзбен көрмейтін болса, тым құрығанда "имитация бурной деятельности" жасамаса, күллі қазақтың ұйықтап кетуі мүмкін екенін жазды. 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар