Тараз қаласында тұрғын үйлердің бірінде өрт болып, екі бала қаза тапты, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"1 қазанда сағат 09:57 минутта полицияға, Тараз қаласы Ақмола көшесінде өрт орын алғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер өртті сөндірген. Оқиға орнын қарау барысында полицейлер 2017 және 2018 жылы туған екі баланың мәйітін тапқан" делінген хабарламада.
Қазір осы дерек бойынша құылмыстық кодекстің 292бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Оқиға орнында улы газдан улану белгілері бар 2018 және 2017 жылдары туған екі баланың денелері мен бірнеше сіріңке қораптары табылды. Өрттің шығу себебі анықталуда.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, балаладың әкесі жұмыста болған, анасы балаларын үйге тастап, сыртынан жауып, медициналық мекемеге тексеруге шыққан. Оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев пен қала әкімі Айтқазы Қарабалаев келіп, облыс басшылығы атынан көңіл айтты. Зардап шеккен отбасына жан-жақты көмек көрсетіледі, оның ішінде жерлеу рәсімін ұйымдастыру мен психологтардың көмегі де бар. Облыс әкімдігі мен Жамбыл облысы ТЖ Департаменті ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырады. Ересектер қырағы болып, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керек" деп толықтырды облыс әкімшілігі.
Пікір қалдыру