2 қазан күні Қайрат Жақыпбаев ҚР бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлады Ақорда сайты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев президент әкімшілігінің мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
1988-1991 жылдары ОҚО прокуратурасы тергеу басқармасының прокуроры;
1991-1991 жылдары ОҚО прокуратурасы тергеуді қадағалау жөніндегі бөлім бастығының орынбасары
1991-1993 жылары ОҚО Арыс қаласының ауданаралық прокуроры;
1993-1995 жылдары ҚР бас прокуратурасы аса қауіпті қылмыстарды тергеу жөніндегі басқармасының бастығы;
1995-1997 жылдары мемлекеттік тергеу басқармасы басшысының орынбасары, жалпы қылмыстық тергеулер бас басқармасы басшысының бірінші орынбасары, әскери тергеу департаментінің басшысы, ҚР МТБ алқасының мүшесі;
1997-2000 жылдары ҚР ІІМ әскери-тергеу департаментінің бастығы;
2000-2004 жылдары ҚР Парламентi мәжiлiсi аппаратының заң шығару және мониторинг орталығының директоры, заңнама бөлімінің меңгерушісі;
2004-2006 жылдары ҚР қаржы министрінің қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің төраға орынбасары;
2006-2008 жылдары ҚР парламент мәжілісінің ьөраға кеңесшісі;
2008-2017 жылдары "KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" АҚ құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры;
2017 жылы заңды күшіне енген сот актілерінің және олардың орындалу заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы;
2017-2018 жылдары заңды күшіне енген үкімдердің және олардың орындалуы заңдылығын қадағалау қызметінің бастығы;
2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы.
Пікір қалдыру