Баласын аяусыз сабаған әке қамауға алынды

/image/2020/10/04/crop-25_23_1059x1883_mycollages.jpg
Түркістан облысының полиция департаменті баласын сабаған әкеге қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
 
Бұған дейін журналист Жазира Бегалы facebook парақшасына "КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ҮШ БАЛА МЕН АНАСЫНЫҢ ӨМІРІНЕ ҚАУІП ТӨНІП ТҰР" деген жазба жариялаған.
 
Ол жерде өзіне Қазығұрт ауданы Қызылқия ауылының Махаббат Сәдуақасқызы есімді тұрғынының хабарласқаны, учаскелік полицей болып істейтін құда баласына сеніп алған келіншектің күйеуі Ержан Дауырбаев 4 жылдан бері әйелі мен балаларын ұрып келе жатқанын айтылған.
 
Шағымданушы әйелдің сөзінше, бұған дейін полицияға шағымданғанында оның арызы қабылданбаған көрінеді.
 
Журналист жазбасынан кейін ұзамай Түркістан облысының полиция департаменті баласын сабаған әкенің тергеліп жатқанын хабарлады.
 
"Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері белгісіз ер адамның кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғып жатқан бейнежазбасын анықтады. Тексеру барысында оқиғаның Қазығұрт ауданында болғаны айқындалды" деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
 
Аталған жайт қылмыстық кодекстің 110-бабы "Азаптау" бойынша Қазығұрт аудандық полиция бөлімінде тіркелген.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар