Атырау-Ақтөбе тас жолында 9 адамның өмірін қиған жол апаты болды

/image/2020/10/05/crop-63_11_589x1046_73665f7a0c3597c2a.jpeg
Атырау-Ақтөбе тасжолында ірі жол апаты болып, салдарынан 9 адам қаза тапты. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев өзінің facebook-тағы парақшасында хабарлады.
 
"Бүгін 4 қазан күні Атырау облысында қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алды. Атырау-Ақтөбе бағытындағы тас жолда екі көлік соқтығысып, салдарынан екі көліктің жүргізушісі, жолаушылар – барлығы 9 адам түгелдей көз жұмды. Қазіргі уақытта қаза тапқандардың аты-жөндері анықталуда, оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр" делінген министр жазбасында.
 
Оның сөзінше, жол-көлік оқиғаларының 96 пайызы жүргізушілердің кінәсінен болады.
 
"ІІМ-нің статистикалық мәліметтері "тәжірибесіз" жүргізушілердің (көлік жүргізу өтілі 1 жылдан төмендер) үлесіне жол-көлік оқиғаларының тек 1,8 пайызы ғана тиетінін көрсетеді. Жол апаттарының басым бөлігі тәжірибелі жүргізушілердің тарапынан орын алады екен. Олар қауіпті тәуекелдерге саналы түрде барып, өздерінің ғана емес, басқа адамдардың өміріне де үлкен қатер төндіреді.
 
Сондай-ақ ішкі істер министрлігі Жол-көлік оқиғасының негізгі себептерін қаперлеріңізге салады:
- бірінші орында жылдамдықты арттыру (33,1 %)
- екіншісінде – маневр жасау ережелерін бұзу (17,7 %)
- үшінші орында – реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережелерін бұзу (7,6 %)" деп жазды Тұрғымбаев.
 
Атырау-Ақтөбе тас жолындағы жол апаты
 
 
Атырау-Ақтөбе тас жолындағы жол апаты
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар