ДДСҰ әлемнің қанша пайызы коронавируспен ауырғанын мәлімдеді

/image/2020/10/06/crop-14_12_360x678_aaaaaarrr.jpg

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) "жүздеген миллион адам коронавирусты жұқтырған болуы мүмкін" деп мәлімдеді. Бұл қарзігі ресми тіркелген 35 миллионнан көп.

– Біздің қазіргі ең жақсы бағалауымыз бойынша, әлемдегі халықтың шамамен 10 пайызы осы вирусты жұқтырған болуы мүмкін... Бұл елге байланысты өзгеріп отырады, әр қалада және ауылда әр түрлі болады. Вирус әр түрлі топтарда әр түрлі... Әлемнің басым көпшілігінде қауіп төніп тұр, – деді дүйсенбі күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау агенттігінің төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің бастығы Майк Райан айтты.

Райанның айтуынша, COVID-19 оқиғалары мен өлімдері бүкіл Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия және Жерорта теңізінің шығысында көбейіп келеді, ал Африка мен Батыс Тынық мұхитындағы жағдай "қазіргі кезде оңтайлы".

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар