Жээнбеков Қырғызстандағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

/image/2020/10/06/crop-27_11_402x714_97928.jpeg_w780_h500_resize.jpeg

Қырғыстан президенті Сооронбай Жээнбеков елдегі саяси жағдайға байланысты мәлімдеме жасады.

"Құрметті, отардастар!

Кеше түнде кейбір саяси күштер заңсыз түрде мемлекеттік билікті басып алуға тырысты.

Олар сайлау қорытындысын сылтау етіп, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың бейбіт өмірінің шырқын бұзды.

Олар құқық қорғау органдарына бағынбай, медбикелерді ұрып, ғимараттарды қиратты.

Мен әр азаматтың өміріне қауіп төнбес үшін қарулы күштерге қару атпауға, қан төкпеуге бұйырдым.

Әзірге біз ахуалдың нашарлап кетпеуі үшін қажеттінің бәрін жасадық.

Ел тыныштығы мен қоғам тұрақтылығы кез келген депутаттық мандаттан құндырақ.

Мен орталық сайлау комиссиясына құқықбұзушылықты зерттеп, қажет болса,  сайлау нәтижесін жоюды ұсындым. 

Саяси партия басшыларын жақтастарын тыныштандырып, адам көп жиналған жерлерден алып кетуін, отандастарымнан бейбітшілікті сақтап, арандатуға ермеуін сұраймын.

Мен барлық күштік құрылымдарды ел тағдырын саяси амбициядан жоғары қойып, құқықтық жағдайға оралуға шақырамын" делінген Қырғыз президентінің мәлімдемесінде.

Оқи отырыңыз: "Атамбаев қайта президент бола ма?". Қырғызстандағы митингке желі реакциясы

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар