Бүгін түнде Қырғызстан астанасы Бішкектегі Ала-Тоо алаңында парламент сайлауы нәтижесімен келіспегендер митингі қақтығысқа ұласты. Наразы азаматтар "Ақ үйді" басып алып, тергеу изоляторы мен колониядағы экс-президент Алмазбек Атамбаевты және бұрынғы премьер-министр Сапар Исақовты және министрлер кабинетінің экс-төрағасы Жанторо Сатыбалдиевты босатты, деп жазады 24.kg.
Ақ үйдің кейбір кабинеттері мен мәжіліс залы қиратылған. Компьютерллер жоғалып, есік әйнектері шағылған. Ақ үйдегі өртті сөндіргеннен кейін көптеген қабатта төбеден су тамшылап тұр.
Қазір қалада жағдай тұрақты. Көшелер тастан, шыны шөлмектерден тазарлып жатыр.
Наразылық акциясы болған Ала-Тоо алаңына бүгін сайлау нәтижесімен келіспеген шерушілер қайта жинала бастады.
Қаланың басқа бөлігі "Форум" ғимаратының алдына Алмазбек Атамбаевтың жақтастары жиналып жатыр. Олар "Апрель" арнасы арқылы тікелей эфирге шықпақ.
Осы уақытта қаланың өзге аймағында президент Сооронбай Жээнбеков жақтастары президентті қолдап митингке шықты.
Бішкектегі бірінші тергеу изоляторы маңына Атамбаевтың жақтастары жиналған. Олар 2019 жылғы 7-8 тамыздағы қой-таш оқиғасы бойынша сотталғандардың бәрін босатуға ниетті.
Минтингшілер қалалық әкімдіктің ғимаратын басып алып, Қаланың жаңа мэрі ретінде Жоошбек Каоналиевті жариялады.
Сооронбай Жээнбеков партия өкілдерімен кездесуді жоспарлап отыр.
Түнгі қақтығыс салдарынан 590 адам ауруханаға түсті. 30 адамның жағдайы ауыр. Митингшілердің бірі қайтыс болды.
Пікір қалдыру