Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

/image/2020/10/06/crop-4_45_428x762_img-20201006-wa0068.jpg

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нұрлыбек Қабдықапаров қатаң сөгіс алғаннан кейін, өз еркімен қызметтен кетуді ұйғарды. Бұл туралы azh.kz хабарлады. 

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Нұрлыбек Қабдықапаровқа қызметтік міндетін тиісті атқармағаны үшін бірнеше себептермен қатаң сөгіс жарияланған.

"Олардың ішінде COVID-19-ға қарсы күрес бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асырудағы, инфекция жұқтырған медицина қызметкерлеріне әлеуметтік жеңілдіктер ұйымдастырудағы, сондай-ақ төтенше жағдай кезінде өңірдің медицина мекемелерін жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етудегі кемшіліктер бар. Ол бұл мәселелер бойынша түсініктеме жазып, кейін өз еркімен қызметінен кету туралы өтініш берді" делінген хабарламада.

Қазір облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы болып Асхан БАЙДУВАЛИЕВ тағайындалды.

А.Байдувалиев 1972 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Алматы облысындағы Қарасай аудандық ауруханасын, Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасын басқарып, кейін Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің қосымша кәсіптік білім беру орталығында басшылық етті. Одан кейін Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар