Тоқаев жаңа жарлыққа қол қойды

/image/2020/10/06/crop-146_0_544x725_104402902500.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайты мәлімдеді.

Құжатта Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереже, Агенттіктің құрылымы берілген.

Сонымен қатар, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Агенттіктің Ұлттық статистика бюросы болып қайта құрылатыны хабарланды.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді. Үкіметке оны іске асыру үшін шаралар қабылдау тапсырылды.

 Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар