Шөкеев Назарбаевтың өзін алдап кеткен бе?

/image/2020/10/07/crop-23_9_531x944_060257932800.jpg

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысына жасаған сапарында ашылуына қатысқан Түркістандағы халықаралық әуежай шын мәнінде әлі толық пайдалануға берілмегені белгілі болды. Бұл туралы kaztag.kz сайты хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысында 28 қыркүйекте болған. Elbasy.kz сайты Назарбаевтың сапар барысында Түркістан қаласының халықаралық әуежайының ашылу салтанатына қатысқанын жазды.

"Халықаралық әуежайдың құрылысы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асырылды. Қаладан 20 шақырым жерде орналасқан әуежай халықаралық стандарттарға сай заманауи технологияларды қолдана отырып салынған. Оның құрылысына 102 бірлік арнайы техника мен 300-ден астам құрылысшы жұмылдырылды. Жалпы ауданы 905 гектар болатын халықаралық әуежайдың қызмет көрсету әлеуеті жылына шамамен үш миллион жолаушыны құрайды" делінген Elbasy.kz сайтында жарияланған ақпараттық хабарламады.

Алайда бірнеше әуекомпанияда қызмет еткен Юлия Нечаева Түркістандағы халықаралық әуежайдың құрылысы әлі бітпегенін мәлім етті.

Юлия Нечаева әуежайдың ашылғанын естіп, барып көрмек болған. "Түркістанның халықаралық әуежайы" командасы бойынша навигатор оларды ойқы-шойқы жолмен бірнеше жылдан бері істемей тұрған ескі әуежайға әкелген.

Артынша, "жаңа әуежайға апаратын жол" делінген жаңа трассаға түскенін айтқан Юлия Нечаева діттеген орынға жеткенде пайдалануға берілген әуежайға емес, құрылыс алаңына тап болған.

Оның айтуынша, ғимараттың сыртқы жағы ғана дайын. Әуежайда құрылыс қызу жүріп жатыр.

"Алайда мерзімінде пайдалануға берілген, иә. Рейстер ашылғанға дейін бітіріп қалатын шығар" деп жазды Начаева.

Сонда Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Нұрсұлтан Назарбаевқа қай әуежайды көрсетіп жүр? Олар бірлесіп қай әуежайды ашқан? Түсініксіз.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар