Бүгін Қырғызстанда үкімет үйінің жанында тағы да митинг өтіп жатыр. Бұл туралы 24kg сайты хабарлады.
Басылым мәліметінше, ғимаратта премьер-министрдің міндетін атқарушы Садыр Жапаров, "Реформа", "Чон казат", "Мекен ынтымағы", "Ыйман Нұра" партияларының көшбасшылары бар екені анық.
Үкімет басшысының міндетін атқарушылар ғимаратқа кіруге тыйым салды. Ал басқа партиялардың жақтаушылары оларды ішке кіргізуге тырысып жатыр. Митинге шыққан халық бұрынғы депутаттар мен шенеуніктердің саяси қызметін шектеуді талап етуде.
Олар сондай-ақ халық өзі таңдамағандықтан, Садыр Жапаровтың тағайындалуымен келіспейтіндерін айтады.
Пікір қалдыру