Тоқаев: Үкімет жұмысты жақсы істеді

/image/2020/10/07/crop-19_113_2089x3713_00d9c13ab4f8ada6b4126be4c490d8c7.jpg
Қазақстан экономикалық белсенділіктің құлдырауына жол берген жоқ. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңесте айтты.
 
Мемлекет басшысы Қазақстанның өзге елдер секілді дағдарыс кезеңін өткеріп жатқанын айтты.
 
– Біз экономикалық белсенділікті құлтыратып алудан сақтап қалдық. Бұл жерде үкіметтің жұмысты жақсы істегенін атап өткен жөн. Үкімет бизнесті ықталандыру бойынша шаралар қабылдап, әлеуметтік осал топқа көмектесе білді. Бірер күн бұрын Дүниежүзілік банк негізгі көрсеткіштер бойынша Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына жоғары баға берді. Алайда пандемияның екінші толқыны бізге жаңа міндеттерді жүктейді. Үкімет дағдарысқа қарсы шараларды келер жылы да жалғастыру үшін қажетті шаралар мен тиісті ресурстарды қазірден жасауға тиіс, – деді президент.

Тоқаев әлеуметтік-экономикалық ахуал мен коронавирус инфекциясының жаңа толқыны нашарлайтын болса, жедел әрекет ететін кешенді жоспар дайындалғанын атап өтті.

– Алайда бүгінгі жағдай, атап айтқанда Ресейге сакциялық қысымның күшеюі, Кавказ елдері жақтағы ситуацияның шиеленісуі мен өзге де сыртқы факторлар біздің антикризистік жоспарымыз бен болжамымызды қайта пысықтауды қажет етеді. Сондықтан үкімет ұлттық банкпен бірлесіп, қазанның соңына дейін жоспардың өміршеңдігін арттырып, президент әкімшілігі келісіміне өткізуі керек, – деді президент.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар