Тоқаевтың Алматы облысына не үшін келгені белгілі болды

/image/2020/10/08/crop-170_9_524x698_10047108.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кешенді бітімгершілік оқу-жаттығуларын көру үшін Алматы облысына келді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

– Президент –  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы әскери даярлық оқу орталығының қызметімен танысып, бітімгершілік операцияларды пысықтау оқу-жаттығуларының белсенді кезеңін бақылайды. Сондай-ақ әскери қызметкерлердің алдында сөз сөйлеуі жоспарланған, – деді Берік Уәли.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар