Қырғызстанда тағы да митинг өтуде (видео, фото)

/image/2020/10/08/crop-5_18_726x968_1041620.eda37708a303594236d5a1e62e717dc7.jpg

Қырғызстанда президент Сооронбай Жээнбековтың жақтастары ұйымдастырған митинг өтуде. Бұл туралы АКИpress хабарлады. 

8 қазан күні таңертең Ош қаласының орталық алаңында бейбіт митинг өтуде. Алаңға 5 киіз үй тігілген. Сондай-ақ митингте атқа мінген шабандоздар да болды.  Жиналғандардың арасында Сооронбай Жээнбековтің де жақтастары бар. 

Бейбіт митингке 200-ге жуық адам жиналған. Олардың бірі бұрынғы үкіметтің қалпына келуін және мәселелердің заңды жолмен шешілуін қолдайтындарын жеткізді.

Сооронбай Жээнбековтың жақтастары елдегі тыныштық үшін заңсыз әрекеттерге бармайтынын айтып, президент өз жұмысын қайта жалғастыруы керек деп санайды. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар