Еуропада коронавирустың күрт өршуіне байланысты шектеу шаралары күшейтілді

/image/2020/10/14/crop-11_9_433x779_gggeeeee.jpg

Коронавирустың қайтадан өршіп кетпеуін үшін Чехия мектептерді, барлар мен клубтарды үш аптаға ішінара жауып жатыр.

Аймақтағы 100 мың адамға шаққандағы ең жоғары инфекция деңгейі Чехияда тіркелген. Сол себепті мейрамханалар жабылып, алкогольді ішімдіктер сатуға тыйым салынады.

Нидерландыда ішінара локдаун жарияланды және жабық орындарда маска кию міндетті болды.

Сонымен қатар, көптеген елдерде ауруханаға түскендер күрт өсуде.

"Париждегі ауруханалардв келесі аптаның аяғында қарқынды терапия төсектерінің 90%-ы толып кетуі мүмкін" деп ескертті Франция мемлекеттік ауруханалар тобының басшысы Мартин Хирш.

"Президент Эммануэль Макрон сәрсенбіде қосымша шектеулер туралы жариялайды" деп күтілуде. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, "қызу нүктелер" саналатын қалалар, соның ішінде Парижде, кешкі коменданттық сағат орнауы мүмкін.

Бұған дейін Германия канцлері Ангела Меркель Еуропадағы жағдайды "үлкен алаңдаушылықпен бақылап отырғанын" жеткізіп, "жағдай әлі де күрделі болып тұр деп айтуға мәжбүрмін" деген болатын.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар