Қазақстанда тағы да төтенше жағдай енгізіле ме?

/image/2020/10/14/crop-87_11_436x581_photo_338542.jpeg

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде коронавирус індеті өршісе, қайтадан төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы ол онлайн баспасөз мәслихатында айтты.

– Бәрі эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Егер жағдай талап етсе, онда енгізіледі. Бірақ біз қызметтер мен халықтың жауапкершілігі арқасында қазіргі тұрақтылықты сақтап қаламыз деген үміттеміз. Әр азамат бетперде тағып, ара қашықтықты сақтап, бұқаралық шаралар ұйымдастырмаса, карантинсіз-ақ бұл жағдайдан шығуға мүмкіндік бар, – деді Цой.

Айта кетейік, кеше елорда әкімі Алтай Көлгінов қалада карантин шаралары күшейтілетінін ескерткен. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар