Науқастардың арасында 82 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 14 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 11 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, шетел және Қазақстан ғалымдары коронавирус белгілері бар пневмонияның шын мәнінде коронавирус екенін мәлімдегеніне қарамастан, Қазақстан билігі коронавирус пен пневмония статистикасын жеке-жеке жүргізіп келеді.
Елде коронавирус анықталған алғашқы күннен бүгінге дейін 109 094 адам вирус жұқтырған. Оның 104 525-і жазылып шықса, 1768 адам қайтыс болған.
Пікір қалдыру