UFC-дегі жеңісі үшін Шавкат Рахмоновтың қанша гонорар алғаны белгілі болды

/image/2020/10/26/crop-25_4_702x1247_2020_10_26_2020102422562239352_aleks-olivejra-shavkat-rahmonov.jpg

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов Біріккен Араб Әмірлігінде өткен ережесіз жекпе-жекте бразилиялық Алекс Оливейраны жеңіп, қомақты сыйақыға ие болды. Бұл туралы sport.kz хабарлады. 

БАӘ-дегі "Жекпе-жектер аралында" өткен UFC 254 турниріндегі кездесуде Рахмонов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді.

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Рахмоновтың гонорары 37 500 АҚШ долларын (16 125 000 теңге) құраған. Қазақстандық октагонға шыққаны үшін 10 000 доллар, жеңісі үшін 10 000 доллар, сондай-ақ UFC-ден промоутердің 3 500 доллар бонусын алды. Бұдан басқа, қарсыласы Оливейра салмақ өлшеудегі сәтсіздігінен кейін Рахмоновқа 14 000 доллар "сыйлады".

Бразилиялық спортшының жалпы гонорары 61 000 доллар (26,230,000 теңге) болды. Оливейраның кепілдендірілген гонорары 70 000 долларды құрады. Дегенмен, жоғарыда айтылғандай, ол Рахмоновқа 14 000 доллар беруге мәжбүр болды. Сондай-ақ Алекс UFC-ден 5000 доллар көтермелеу бонусына ие болды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар