Бүгін Алмалы ауданының орталық саябағында қарттар күніне арналған іс-шара аясында қарт адамдар үшін спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды: йога, скандинавиялық жүріс, фитнес билер, айкуне.
Алмалы ауданы әкімдігінде хабарлағандай, бұл іс-шараның мақсаты егде жастағы тұрғындардың денсаулығын нығайтуға, белсенді әлеуметтік өмірге тартуға және жас ұрпаққа үлгі болу болып табылады. Оған Алмалы ауданының 50-ге жуық аға буын өкілдері қатысты.
Таза ауадағы спорттық шаралар Ганди атындағы саябақта, Сосновый, Прокофьев атындағы жаяу жүргіншілер аймағында өтеді. Сонымен қатар, ауданның құрметті азаматтарының қатысуымен ағаш отырғызу ұйымдастырылады.
Айта кету керек, барлық іс-шаралар санитарлық нормалар мен қашықтықты қатаң сақтай отырып жүргізіледі.
Сонымен қатар, ауданда жастары жүзден асқан 12 қарт бар, аудан әкімдігімен қарттарды осындай іс-шаралармен кеңінен қамту жұмыстары жүргізілуде
«Біз қарт азаматтардың өтініштеріне ерекше назар аударамыз. Аға буынды қолдауға бағытталған бағдарламалардың дамуына барынша жағдай жасауға тырыстық. Біздің әрқайсымыздың парызымыз-қарттарымыздың біздің қамқорлығымызды сезінтіндей жағдай жасау», — деп атап өтті Алмалы ауданы әкімдігінде.
Алмалы ауданында барлығы 35 945 зейнеткер, 33 мүмкіндігі шектеулі адам және Ұлы Отан соғысына қатысушылар, 2473 еңбек майданының қатысушылары тұрады. Қарт адамдар үшін ауданда Желтоқсан көшесі, 29 мекен-жайы бойынша белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді. Орталықта зейнеткерлер үшін кітапхана, фитнес-зал, йога, аэробика залдары, шахмат және тоғызқұмалақ ойындары ашылған, фильмдер көру, компьютерлік сауаттылыққа оқыту ұйымдастырылған. Апта сайын тегін заңгерлік, психологиялық, медициналық кеңестер, мотивациялық семинарлар мен шеберлік сыныптары өткізіледі.
Пікір қалдыру