Алматыда мемлекеттік тілдің қолданысын арттыру мақсатында жиын өтті

/image/2020/11/03/crop-24_10_929x1239_ymrkrmoe3oi.jpg

Бүгін Алматыда ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен мемлекеттік тілдің қолданысын арттыру бағытында іс-шара өтті.

Шараға қоғам қайраткері, белгілі саясаткер – Дос Көшім, «Ақ жол» саяси партиясы төрағасының орынбасары, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, ақын – Қазыбек Иса, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор – Әлімхан Жүнісбек және «Лұғат» қоғамдық қорының директоры – Б. Қапалбек қатысты.

Шара барысында  Б. Қапалбек  үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік тілді дамыту шараларының қорытындысын таныстырды.

Сондай-ақ шарада мемлекеттік тілдің қолданылуын арттыруға бағытталған құқықтық негіздер мен  заңнамалық талаптарды жетілдіру және күшейту, республика бойынша ресми құжаттарды ресімдеуде, көрнекі ақпарат ұсынуда және қызмет көрсетуде  мемлекеттік тілдің қолданылу деңгейі сынды өзекті мәселелер талқыланды. 

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» тапсырысымен «Лұғат» қоғамдық қоры үкіметтік емес ұйымдардың қызметінде мемлекеттік тілдің қолданылуын арттыру  бағытында бірқатар іс-шаралар атқарды.

Атап айтар болсақ, үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлеріне арналып еліміздің  6 өңірінде - Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары мен  Алматы қаласында мемлекеттік тілдің  қолданысы тақырыбында оқу семинарлары ұйымдастырылды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар