"Өз еріктерімен келді". Қырғызстан шенеуніктері Жапаровпен кездескен ұстаздар туралы

/image/2020/11/03/crop-7_76_722x1284_1438840987_90971.jpg

Қырғызстандағы Ош және осы аттас облыстың мұғалімдері өз еріктерімен президенттің міндетін атқарушы Садыр Жапаровпен кездесуге қатысты. Бұл туралы елдің білім және ғылым министрлігі хабарлады, деп жазады 24.kg сайты.

Ош қалалық білім бөлімі орталық стадионда ұйымдастырылған кездесуге жергілікті мұғалімдердің қатысқанын растаған.

– Мұғалімдерді ешкім мәжбүрлеген жоқ, олар өз еріктерімен келді. Жиналыста мұғалімдерден бөлек басқа мекемелердің қызметкерлері де болды, – дейді шенеуніктер.

Бұған дейін БАҚ беттерінде президенттің міндетін атқарушы премьер-министр Садыр Жапаровпен өткен кездесуге мұғалімдерді күштеп апарғаны жайлы ақпарат тараған. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар