Министр кредит алушыларға қатысты заң жобасын түсіндірді

/image/2020/11/04/crop-219_3_699x932_32972f9c-98f9-4b4f-ae95-0554770ef7c6.webp

Микроқаржы ұйымдарын банктерге теңестіргенде кредит алушылардың жағдайы жақсарады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.

– Қарыз алушылардың жағдайы жақсарады. Бүгінгі таңда банктік емес секторға кіретін ұйымдар азаматтарға кредит беруде. Бірақ мөлшерлемелері жоғары, айыппұлдары мен комиссиялары да жоғары. Қарыз алушылар кейде сауатсыз болуы мүмкін. Аталған ұйымдар осыны пайдаланып, азаматтарымыздың құқығын бұзады. Салдарынан қаржылық тәуекелдер туындап жатады, – деді министр.

Оның айтуынша, микроқаржы ұйымдарын қаржы ұйымдарына теңестіру ұсынылып, реттелетін болады.

– Кредиттің шекті мөлшерлемесі бойынша талап қойылады деген сөз. Басшылары мен акционерлерге ұйымды жабдықтау жөнінде талаптар қойылады. Уәкілетті орган, яғни, қаржы нарығын реттеу агенттігі лицензияланатын қызметтерді тексеретін болады. Мұның бәрі кредит алатындардың құқығын күшейтіп, қаржылай тәуекелдерді азайтады, – деп атап өтті Руслан Дәленов.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар