Қарашаның төртіне қараған түні ауыр атлетика бойынша бапкер, Қазақстан құрамасының кеңесшісі Энвер Туркелери көз жұмды. Бұл туралы sport.kz сайты хабарлады.
Ол 78 жасына қараған шағында Түркияда қайтыс болды.
Туркелери 1989 бен 2005 жылдар аралығында Түркия құрамасын жаттықтырған. 2019 жылға дейін Қазақстан құрамасында кеңесші-бапкер болып қызмет атқарды.
Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин бапкерінің өліміне қайғырып көңіл айтты.
"Жан-дүнием бос және қайғыға толы...
Осы түнде мен және ауыр атлетиканың бар әлемі көрнекті, аты аңызға айналған жаннан айырылды... Анкара уақыты бойынша 19:05-те Энвер Туркелери қайтыс болды...
Мені нағыз чемпион еткен адам кетті... Қызылордадан шыққан қарапайым бала Илья Ильинді чемпион атандырған адам қайтыс болды... Шефтің барлық туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын...
Он төрт дүркін Олимпиада Чемпионы – Энвер Туркелери!
1. Наим Сулейманоглу
2. Халил Мутлу
3. Илья Ильин
4. Танер Сагир
5. Нижат Рахимов
6. Нурджан Тайлан
7. Светлана Подобедова
8. Майя Манеза
9. Зульфия Чиншанло
Алдыңғы күні хабарласпағаным үшін кешір!.." деп жазды Илья Ильин Instagram парақшасында.
Пікір қалдыру