Коронавирус өршіген жаздағы жағдайдан кейін Солтүстік Қазақстан облысында мәйітханаларға мұздатқыш техника сатып алынып жатыр. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құмар Құсемісов хабарлады.
– Қазіргі уақытта мәйітханалар мұздатқыш жабдықтар сатып алып, алаңдарын үлкейтуде. Мәйітханалар шын мәнінде мұндай жағдайға (Коронавирус өршіген жаздағы жағдайға - ред.) дайын емес еді, – деді басқарма басшысының орынбасары брифинг барысында.
Оның сөзінше, бүгінде мәйітханалар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Алайда ол жерде неше мәйіт қабылдай алатынын нақты айту үшін әділет министрлігіне қарасты сот-медициналық органға жүгіну керек. Бұл мәселе денсаулық сақтау министрлігінің құзырына кірмейді.
Дереккөз: Kaztag
Пікір қалдыру