Қазақстан gрезиденті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады. Бұл туралы akorda.kz сайты хабарлады.
Мемлекет басшысына биылғы 10 айдың ішінде ақша-несие саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы және төлем балансының жағдайы бойынша 9 айдың қорытындысы, сондай-ақ, ұлттық төлем жүйесін дамыту жұмысының барысы туралы баяндалды.
Сондай-ақ Ұлттық Банктің қаражаты есебінен қаржыландырылатын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы жайында есеп берілді.
Мемлекет басшысы кездесу соңында қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.
Пікір қалдыру