Невада штатында кім жеңсе, сол АҚШ президенті болады

/image/2020/11/05/crop-7_372_648x720_screenshot_20201105-081559_chrome.jpg

АҚШ-та президент сайлауы мәресіне жақындады. Ассошиэитед Пресс басылымының ақпаратынша, демократ үміткер Джо Байден 264 дауысқа ие болса, Дональд Трампта 214 дауыс бар. Президент сайлауының ережесі бойынша, қай үміткер 270 дауысқа ие болса, сол үміткер келесі президент болады. 

Ассошиэитед Пресс басылымының ақпаратына сәйкес, ендігі қалған штаттарда Дональд Трампқа дауыс бергендер басым орында. Тек Невада штатында ғана, Джо Байден алда келеді. Дегенмен Байденді тек 8000 адамдық айырмашылықпен өкшелеп келе жатқан Трамп бұл штатта жеңуі де ғажап емес. Невада штатында Трамп жеңсе, 271 дауыс, ал, Байден жеңсе, 270 дауыс алмақ.

Осылайша Невада 2020 жылғы АҚШ президент сайлауының шешуші штаты болмақ. 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар