Қазақстанда карантин шараларының сақталуын бақылау күшейтілмек

/image/2020/11/09/crop-7_3_265x471_crop-12_2_272x484_crop-13_140_697x1239_135449909700.jpg

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 жөніндегі ВАК отырысын өткізді

Премьер-министр Асқар Мамин ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысын өткізді.

"Ерте вакцинациялау, жаппай маска тағу режимін және ара қашықтықты сақтау шараларының арқасында биыл күзде халықтың пневмониямен және ЖРВИ-мен сырқаттанушылығы тұрақты төмендеу динамикасына ие. Мысалы, тек қазан айында осы жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда, пневмониямен ауырғандар саны 26%-ға, 24,8 мыңнан 18,3 мыңға дейін азайды, ал жіті респираторлық вирустық инфекциямен ауырғандар 7,6%-ға, 286,8 мыңнан 265,3 мың адамға дейін азайған. Өткен жылмен салыстырғанда ЖРВИ-мен ауыру 1,7 есе – 2019 жылғы қазандағы 441,2 мыңнан биыл қазанда 265,3 мыңға дейін төмендеді" делінген отырыс барысы туралы ақпараттық хабарламада.

Сонымен қатар барлық өңірде COVID-19-бен ауыру жағдайларының артқаны байқалып отырғаны хабарланды.

Вирустың репродуктивтік индексі республика бойынша – 1,2, инфекциялық төсек орындарының толтырылуы 21%, реанимациялық төсек орындарының жүктемелігі 17% құрайды. Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары – қызыл аймақта, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары – сары аймақта.

Премьер-Министр қызыл және сары аймақтардағы өңірлердің әкімдеріне жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қабылдап, мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Денсаулық сақтау министрлігіне:

♦Барлық медициналық қызметтердің орталық және өңірлік деңгейде сырқаттанушылықтың ықтимал өсу жағдайына толық дайындығын қамтамасыз ету;

♦ Халықпен шектеу шараларын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу;

♦Шекара қызметімен, өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, шетелдіктерге Қазақстанға кіру үшін берілетін денсаулық сақтау ұйымдарының шақыру құжаттарына бақылауды күшейту;

♦Әділет министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп, ҚР аумағында емделу үшін шетел азаматтарына шақыру беруге уәкілетті, өңірлердегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін айқындау тапсырылды.

Ішкі істер министрлігіне халық пен бизнес субъектілерінің шектеу және карантин шараларын сақтауын бақылау жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысын күшейту тапсырылды (биылғы 17 тамыздан бастап елімізде 41 мың рейдтік тексеру жүргізілді, 8,7 мың карантинді бұзу фактісі анықталды).

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар