Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Анадола сайты.
Келіссөздер барысында Түркия басшысы алдыңғы кеште Таулы Қарабақ мәселесін түпкілікті шешу жолында дұрыс қадам жасалғанын айтқан.
Түркия мемлекетінің басшысы бұл кезеңдегі ең маңызды мәселе Арменияның атысты тоқтату режимін және Әзербайжан, Ресей Федерациясы президенттері мен Армения премьер-министрінің бірлескен мәлімдемесінде белгіленген міндеттемелерді сақтау екенін атап өтті.
Пікір қалдыру