Covid-19-ға қарсы Қытай вакцинасын Бразилияда клиникалық сынау тоқтатылды, оған бразилиялық денсаулық сақтау органдарының вакцинаға қатысты мәлімдемелері себеп болған.
Бразилияның денсаулық сақтау саласын реттейтін Анвиса оқиғаның 29 қазанда болғанын айтты, бірақ қосымша мәлімет бермеді.
Қытайлық "Sinovac Biotech" фирмасы ойлап тапқан "CoronaVac" вакцинасы – соңғы сатыдағы ғаламдық тестілеудің бірі.
Қытайлық компания "вакцинаның қауіпсіздігіне сенімді" екенін айтады.
Фирма қазірдің өзінде вакцинаны төтенше жағдай бағдарламасында мыңдаған адамды иммундау үшін қолданып келеді.
Джон Хопкинс университетінің деректері бойынша Бразилия коронавирустан ең ауыр зардап шеккен елдердің бірі. Елде 5,6 миллионнан астамның вирус жұқтырғаны расталып, 163 000 адам қайтыс болған.
Пікір қалдыру