Шара Дүниежүзілік сүт безі қатерлі ісігіне қарсы күрес күні қарсаңында ұйымдастырылып отыр.
Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 15 қазан - Дүниежүзілік сүт безі қатерлі ісігіне қарсы күрес күні.Осыған байланысты 10 –17 қазан күндері таңғы сағат 09.00-ден 15.00-ге дейін «Алматы онкологиялық орталығында» қатерлі ісікті ерте анықтау мақсатында ашық есік күні өтеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша қатерлі ісік аурулары әлемде өлімнің екінші негізгі себебі. Қазақстанда жыл сайын 3 мыңнан астам сүт безі қатерлі ісігі анықталады. Оны алғашқы кезеңдерде маммография және сүт безінің ультрадыбыстық зерттеуі арқылы анықтауға болады. 40 жастан асқан әрбір әйел 2 жылда бір рет маммографиядан өтуі керек. Жасына қарамастан, кеудедегі кез келген түзілімдер анықталса, онкологпен кеңесу керек. Аурудың алдын алуға отбасылық өмірдің уақтылы басталғаны әсер етеді. Босану және емізу сүт безі қатерлі ісігінің қаупін азайтады. Ерте кезеңде диагноз қою кезінде толық емделу ықтималдығы 100% жетеді.
Профилактикалық тексерудің уақыты мен өткізілетін орны:
1. Клиникалық-диагностикалық бөлімше: Папанин к-сі, 220 литер A. 1-қабат
2. Скринингтік бөлімше: Өтепов көшесі, 7а, 2-қабат.
Ашық есік күніне байланысты барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: + 7-707-7617262; + 7-707-4974414; + 7-727-312-24-74.
Пікір қалдыру