«Қайырымдылық керуені» байқауына өтінім қабылдау басталды

/image/2020/11/11/crop-67_12_516x688_201008181933634e.jpg

Бүкіл Қазақстан аумағын қамтитын «Қайырымдылық керуені ІІІ» байқауы биыл 1 қазанда бастау алады.

15 желтоқсанға дейін жалғасатын конкурс 5 аталым бойынша үздіктерді анықтамақ. Байқау ҚР Тұңғыш Президенті қорының Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының, «Хабар» агенттігі мен «КТК» арналарының қолдауымен үшінші жыл қатарынан өтіп отыр.

«Сіз немесе сіз білетін адам жақсы іс жасаса, мұқтаж адамдарға көмектессе немесе қиын жағдайда батылдық танытса, онда бұл байқау дәл осы адамдарға арналған!», делінген хабарламада.

Байқау лауреаттары бес номинация бойынша анықталады:

- «Асар» - қайырымдылық қызметі ұлттық салт-дәстүрлермен байланысты және ұлттық мәдениетті сақтауға көмектесетіндер үшін;

- «Туған жер» - білім беру, экология және абаттандыру, мәдени нысандарды қалпына келтіру және т. б. салаларда туған өлкесіне қайырымдылық көмек көрсететін адамдарға;

- «Батыл жүрек» - ерлік пен қайсарлық үшін;

- «Мейірім жолында» - белгілі бір уақыт аралығында өтеусіз тұрақты көмек көрсеткендер үшін.

Қатысуға өтінімдер 1 қазанынан 15 желтоқсанына дейінгі мерзімде caravan_dobroty@fpp.kz электронды поштасына жіберу қажет.

«Конкурстың негізгі мақсаты – ізгілікті насихаттау. Адамнан адамның көмек сұрауы оңай емес. Бірақ , біреудің көмегіне мұқтаж жандар жетерлік. Бұл пандемияда анық байқалды. Ондай сәттерде қолын созуға дайын жандар қоғамда баршылық. Біздің міндет – соларды жарыққа шығару. Әрине, сыйлық та, марапатта болады», – дейді Алматы қаласы бойынша Қайырымдылық керуені жобасының жетекшісі Әлия Сүгірбаева.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар