Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен мерейтой жылының қорытындысы шығарылды.
Ресми шара басталмас бұрын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Әл-Фараби халықаралық орталығында әлемге Әл-Машани деген атпен танымал әйгілі ғалым және фарабитанушы Ақжан Жақсыбекұлы Машановтың бюстінің ашылу салтанаты өтті.
Мемлекеттік хатшы салтанатты рәсімдегі құттықтау сөзінде адамзаттың Екінші Ұстазы Әл-Фарабидің Қазақстан аумағында Отырарда бір кездері Фараби деп аталған Қазақстан мен Орталық Азияның ежелгі мәдени орталығында дүниеге келгенін әлемге ғылыми тұрғыдан дәлелдеген қазақстандық фарабитану мектебінің негізін қалаушысының ерекше үлесін атап өтті.
Осыдан жарты ғасыр бұрын 1975 жылы ЮНЕСКО қамқоршылығымен Қазақстанның Алматы қаласында өткен Әл-Фарабидің 1100 жылдығына арналған халықаралық форум өткізу туралы шешімнің қабылдануы қазақстандық ғалымның баға жетпес еңбегінің мойындалуының тағы бір көрінісі болды.
Дөңгелек үстел форматында өткен ғалымдармен кездесу барысында Қырымбек Көшербаев Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойының кейбір қорытындыларын шығарып, мерейтойлық жыл ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен халықаралық деңгейде атап өтілуде екендігін атап өтті. Пандемияға қарамастан, қазақстандық фарабитанушылар мен ғылыми қоғамдастық ұлы ғалымның мұрасын елде және бүкіл әлемде кеңінен насихаттап дәріптеу бойынша орасан зор жұмыс атқарды.
Мерейтой шараларына қатысуға халықаралық қоғамдастық және академиялық орта кең ауқымда тартылды, олардың ішінде БҰҰ мен ЮНЕСКО, ИЫҰ, ТҮРКСОЙ, дипломатиялық миссиялардың өкілдері, сондай-ақ шетелдік жетекші фарабитанушы ғалымдар бар.
Шетелдегі Қазақстанның Елшіліктерімен және Әл-Фараби орталықтарының қолдауымен және жетекші шетелдік университеттермен бірлесіп – Оксфорд университеті, Джавахарлал Неру университеті, Ыстанмбұл университеті, Каподистри атындағы Афина ұлттық университеті, София университеті, Дамаск университеті, Египет университеті және басқа университеттермен бірқатар халықаралық конференциялар өткізілді.
Әл-Фарабидің мерейтойы Үндістан, Сингапур, Малайзия және Индонезияда аталып өтті. Халықаралық іс-шараларға әлемнің 50 елінің атынан 100-ден астам университеттерден және тағы басқа ұйымдардан 12 мыңнан астам адам қамтылды.
Республикада онлайн режимде 60-тан астам конференция, дөңгелек үстелдер мен ғылыми семинарлар өтті. Мәселен, әлеуметтік желілерде ашық қолжетімділікпен «Парасаттылық сағаты» жалпыреспубликалық акциясы, «Әл-Фараби және қайырымды қоғам» атты видеодәріс және «Екінші Ұстаз» онлайн веб-семинарлар сериясы өткізілді.
«Қайырымды қоғам» челленджіне әлемнің 7 елінен келген шетелдік студенттермен қоса, Қазақстанның жоғары оқу орындарының 14 мыңға жуық студенті қатысты. «Әл-Фараби» халықаралық пәндік олимпиадасына алыс және жақын шетелдердің 10 елінен 9,5 мыңнан астам мектеп оқушысы қатысты.
Олимпиада жеңімпаздарына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқуға 40 білім гранты бөлінді.Сонымен қатар, Әл-Фарабиға арналған 7 монография, Әл-Фарабидің дәйексөздер жинағы, сонымен қатар «Қайырымдылық» ойлары мен нақыл сөздер жинағы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрді. Әл-Фарабидің бұрын жарияланбаған үш трактаты араб тілінен қазақ тіліне аударылды.
Пікір қалдыру